Беларусь  БеларусьҚазақстан  ҚазақстанLietuva  Lietuva
Қолдау
www.aawiki.kk-kz.nina.az
  • Үй

Трансформация көне лат transformatіo айналу генетикада оқшауланған дезоксирибонуклеин қышқылының көмегімен генетикалық а

Трансформация

  • Басты бет
  • Трансформация
Трансформация
www.aawiki.kk-kz.nina.azhttps://www.aawiki.kk-kz.nina.az

Трансформация (көне лат. transformatіo – айналу), генетикада – оқшауланған дезоксирибонуклеин қышқылының көмегімен генетикалық ақпаратты қандай да бір жасушаға ендіру процесі.


Трансформация нәтижесінде генетикалық ақпарат трансформацияланған жасушада және сол жасушадан тараған ұрпақ жасушаларда жаңа белгілер пайда болады. Трансформация құбылысын 1928 жылы ағылшын ғалымы Ф.Гриффит (1877 – 1941) ашқан. Ол (Streptococcus pneumonіae) екі штаммында трансформация процесін зерттеді. Оның біреуі вирулентті қасиеті және полисахаридті қабықшасы бар ірі жасушалардан тұратын тегіс шоғыр (S-штамм), ал екіншісі вирулентті қасиеті және қабықшасы болмайтын, пішіні кедір-бұдырлы (R-штамм) болды. Вирулентті бактериялар тышқандарды өлтірсе, вирулентсіз штаммдар енгізілген тышқандар тірі қалды. Егер қыздыру арқылы вирулентті бактерияны өлтіріп, сонан соң тышқанға жіберсе, олар тіршілігін жалғастыра берген. Ал қыздырып өлтірілген вирулентті жасушалармен вирулентсіз жасушаларды араластырып, тышқандарға енгізгенде, олар өліп, өлекселерінен полисахаридті қабықшасы бар тірі вирулентті жасушалар табылған. Бұл тәжірибеден вирулентті бактериялардан генетикалық ақпарат вирулентсіз бактерияларға тасымалданып, оларды вирулентті ететіндігі анықталды.

1944 жылы америкалық ғалым О.Эйберидің (1877 – 1956) басшылығымен трансформация процесін жүзеге асыратын фактор – ДНҚ молекуласы екені анықталды. Бұл ДНҚ молекуласының тұқым қуалау ақпаратын тасымалдаушы екенін дәлелдейтін алғашқы зерттеу жұмысы болды. Трансформация құбылысы пневмококктардан басқа да бактериялардан табылып, зерттелді. Тәжірибелерде оңай анықталатын генетикалық белгілерді және радиоизотоппен белгіленген ДНҚ молекуласын қолдану Трансформацияға сандық баға беруге жол ашты. Бактериялардағы трансформация өте күрделі процесс ретінде танылып, оның бірнеше кезеңдерден тұратыны анықталды:

  1. жасуша-рецепиент арқылы ДНҚ молекуласының фиксациясы;
  2. ДНҚ молекуласының жасуша ішіне енуі;
  3. қожайын-жасуша хромосомына ДНҚ молекуласының тасымалданатын бөлігін кірістіру;
  4. “таза” Трансформацияланған линиялардың қалыптасуы.


ДНҚ молекуласының фиксациясы саны шектеулі жасуша бетінің ерекше бөліктерінде (рецепторлар) жүреді. Бөгде ДНҚ молекуласын қосып алуға қабілетті бактериялар жасушаларын компетентті жасушалар деп атайды. Мұндай жасушалардың популяция кезіндегі саны өте аз болып, ол бактериялардың генетикалық ерекшеліктері мен бактериялық дақылдың өсу кезеңіне тәуелді болады. Клеткаға енетін ДНҚ бөліктерінің орталығы мөлшері 5х106 дальтонды құрайды. Клеткаға қос жіпшелі ДНҚ енгеннен кейін оның бір жіпшесі моно- және олигонуклеотидтерге ыдырып, ал екіншісі қожайын-жасушадағы хромосомаға енеді. Трансформацияның қолданылуы генетикалық ақпараттың алмасуының басқа түрлері байқалмаған бактерияларды генетикалық талдаудан өткізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар трансформация ДНҚ құрылымының физикалық не химиялық түрде бұзылуы, оның биологиялық белсенділігіне қандай әсер көрсететінін анықтау үшін өте қолайлы әдіс болып табылады. Ішек таяқшасының бактериясында Трансформация әдісін жете зерттеу нәтижесінде Трансформация процесіне тек бактериялық плазмидтер (бактериялардың хромосомынан бөлек генетикалық элемент) мен ДНҚ-сын да қолдануға мүмкіндік береді. Бұл әдіс гендік инжерия бағытындағы зерттеу жұмыстарында жасушаға будандық ДНҚ молекуласын ендіру мақсатында кеңінен қолданылады. Жоғары сатыдағы организмдер жасушаларында трансформация процесі толық зерттелмеген.

Трансформация — торшаны вирус ДНК-ымен зақымдау. Трансформация деген ұғымды вирус ДНҚ-ынық үзінділерін, ал кең түрде вирустан өзге ДНҚ-ын, торшаға енгізу әдістерінің анықтамасы ретінде де қолданады. Трансформация — торшалардың морфологиялық және өсіи-өну қасиеттерінің өзгеруі, олардың жануарлар организміне еккенде зардапты ісік туғызатын түрге көшуі. Торшаны трансформациятын қасиет көпшілік ДНҚ-ды вирустарға тән. Мысалы, , , , , , РНҚ геномды вирустар.

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
  2. Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X


image Бұл — мақаланың бастамасы.
Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.

Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.

Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
Суретті мыннан табуға болады:

  • осы мақаланың тақырыбына байланысты сурет Ортақ қорда табылуы мүмкін;
  • мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз;
  • өзіңіз жасаған суретті жүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).

Автор: www.NiNa.Az

Жарияланған күні: 24 Мамыр, 2025 / 16:34

Transformaciya kone lat transformatio ajnalu genetikada okshaulangan dezoksiribonuklein kyshkylynyn komegimen genetikalyk akparatty kandaj da bir zhasushaga endiru procesi Transformaciya nәtizhesinde genetikalyk akparat transformaciyalangan zhasushada zhәne sol zhasushadan taragan urpak zhasushalarda zhana belgiler pajda bolady Transformaciya kubylysyn 1928 zhyly agylshyn galymy F Griffit 1877 1941 ashkan Ol pnevmokokk bakteriyasynyn Streptococcus pneumoniae eki shtammynda transformaciya procesin zerttedi Onyn bireui virulentti kasieti zhәne polisaharidti kabykshasy bar iri zhasushalardan turatyn tegis shogyr S shtamm al ekinshisi virulentti kasieti zhәne kabykshasy bolmajtyn pishini kedir budyrly R shtamm boldy Virulentti bakteriyalar tyshkandardy oltirse virulentsiz shtammdar engizilgen tyshkandar tiri kaldy Eger kyzdyru arkyly virulentti bakteriyany oltirip sonan son tyshkanga zhiberse olar tirshiligin zhalgastyra bergen Al kyzdyryp oltirilgen virulentti zhasushalarmen virulentsiz zhasushalardy aralastyryp tyshkandarga engizgende olar olip olekselerinen polisaharidti kabykshasy bar tiri virulentti zhasushalar tabylgan Bul tәzhiribeden virulentti bakteriyalardan genetikalyk akparat virulentsiz bakteriyalarga tasymaldanyp olardy virulentti etetindigi anyktaldy 1944 zhyly amerikalyk galym O Ejberidin 1877 1956 basshylygymen transformaciya procesin zhүzege asyratyn faktor DNҚ molekulasy ekeni anyktaldy Bul DNҚ molekulasynyn tukym kualau akparatyn tasymaldaushy ekenin dәleldejtin algashky zertteu zhumysy boldy Transformaciya kubylysy pnevmokokktardan baska da bakteriyalardan tabylyp zertteldi Tәzhiribelerde onaj anyktalatyn genetikalyk belgilerdi zhәne radioizotoppen belgilengen DNҚ molekulasyn koldanu Transformaciyaga sandyk baga beruge zhol ashty Bakteriyalardagy transformaciya ote kүrdeli process retinde tanylyp onyn birneshe kezenderden turatyny anyktaldy zhasusha recepient arkyly DNҚ molekulasynyn fiksaciyasy DNҚ molekulasynyn zhasusha ishine enui kozhajyn zhasusha hromosomyna DNҚ molekulasynyn tasymaldanatyn boligin kiristiru taza Transformaciyalangan liniyalardyn kalyptasuy DNҚ molekulasynyn fiksaciyasy sany shekteuli zhasusha betinin erekshe bolikterinde receptorlar zhүredi Bogde DNҚ molekulasyn kosyp aluga kabiletti bakteriyalar zhasushalaryn kompetentti zhasushalar dep atajdy Mundaj zhasushalardyn populyaciya kezindegi sany ote az bolyp ol bakteriyalardyn genetikalyk erekshelikteri men bakteriyalyk dakyldyn osu kezenine tәueldi bolady Kletkaga enetin DNҚ bolikterinin ortalygy molsheri 5h106 daltondy kurajdy Kletkaga kos zhipsheli DNҚ engennen kejin onyn bir zhipshesi mono zhәne oligonukleotidterge ydyryp al ekinshisi kozhajyn zhasushadagy hromosomaga enedi Transformaciyanyn koldanyluy genetikalyk akparattyn almasuynyn baska tүrleri bajkalmagan bakteriyalardy genetikalyk taldaudan otkizuge mүmkindik berdi Sonymen katar transformaciya DNҚ kurylymynyn fizikalyk ne himiyalyk tүrde buzyluy onyn biologiyalyk belsendiligine kandaj әser korsetetinin anyktau үshin ote kolajly әdis bolyp tabylady Ishek tayakshasynyn bakteriyasynda Transformaciya әdisin zhete zertteu nәtizhesinde Transformaciya procesine tek bakteriyalyk plazmidter bakteriyalardyn hromosomynan bolek genetikalyk element men bakteriofagtardyn DNҚ syn da koldanuga mүmkindik beredi Bul әdis gendik inzheriya bagytyndagy zertteu zhumystarynda zhasushaga budandyk DNҚ molekulasyn endiru maksatynda keninen koldanylady Zhogary satydagy organizmder zhasushalarynda transformaciya procesi tolyk zerttelmegen 1 Transformaciya torshany virus DNK ymen zakymdau Transformaciya degen ugymdy virus DNҚ ynyk үzindilerin al ken tүrde virustan ozge DNҚ yn torshaga engizu әdisterinin anyktamasy retinde de koldanady Transformaciya torshalardyn morfologiyalyk zhәne osii onu kasietterinin ozgerui olardyn zhanuarlar organizmine ekkende zardapty isik tugyzatyn tүrge koshui Torshany transformaciyatyn kasiet kopshilik DNҚ dy virustarga tәn Mysaly papovirustar papillomavirustar gerpesvirustar retrovirustar adenovirustar RNҚ genomdy virustar 2 Derekkozderondeu Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VIII tom Virusologiya immunologiya genetika molekulalyk biologiya Oryssha kazaksha sozdik Almaty Ana tili baspasy 1993 zhyl ISBN 5 630 0283 X nbsp Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz https kk wikipedia org w index php title Transformaciya amp oldid 2805901 betinen alyngan

Соңғы мақалалар
  • Мамыр 24, 2025

    Православие

  • Мамыр 24, 2025

    Прекембрий

  • Мамыр 24, 2025

    Протестантизм

  • Мамыр 24, 2025

    Протерозой

  • Мамыр 24, 2025

    Протеиндер

www.NiNa.Az - Студия

    Ақпараттық бюллетеньге тіркелу

    Біздің пошталық тізімге жазылу арқылы сіз әрқашан бізден соңғы жаңалықтарды аласыз.
    Хабарласыңыз
    Тілдер
    Бізбен хабарласыңы
    DMCA Sitemap
    © 2019 nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
    Авторлық құқық: Dadash Mammadov
    Әлемнің түкпір-түкпірінен деректер мен файлдарды ортақ пайдалануды қамтамасыз ететін тегін веб-сайт.
    Жоғарғы